jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Токио жүлдегері Софья Берульцева Дубайдағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

    Софья Берульцева
    Софья Берульцева. Фото: olympickz / Тұрар Қазаңғапов

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық төрт спортшы жүлдеге таласып, екеуі жүлдегер атанды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақта әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Берульцева сербиялық Ивана Перовичтен басым түсті.

    75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін өткен жекпе-жекте бельгиялық қарсыласын жеңіп, әлем үздіктерінің қатарына енді. Бұл 20 жастағы спортшының ересектер арасындағы ең үлкен жетістігі.

    Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай украиналық спортшыдан, 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай морокколық қарсыласынан жеңіліп, төртінші орын алды.

    Ертең Қазақстан ерлер командасы қола жүлдеге таласады.

    Токио жүлдегері Софья Берульцева Дубайдағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.