jitsu gif
Спорт

    Облыс әкімінің орынбасары дарынымен дараланған дарабоздарды қабылдады

    Облыс әкімінің орынбасары дарынымен дараланған дарабоздарды қабылдады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Бүгін өңір басшысының орынбасары Балжан Шаменова жақында өткен Президенттік олимпиадада аймақ абыройын асқақтатып, күміс медаль иегерлері атанған Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары Какпан Нұрлыхан мен Нұрдәулет Бергенбекұлын қабылдады.

    Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласында жаратылыстану-математикалық бағытында ұйымдастырылған ХІ Президенттік олимпиада өткізілді. Білім бәйгесіне өңірімізден 10 оқушы бақ сынаған болатын.

    Нәтижесінде олимпиадада №4 облыстық мектеп-интернатының қос оқушысы Нұрдаулет пен Нұрлыхан жүлделі 2 орынды иеленіп, еліміздегі белді жоғары оқу орындарына грант жеңіп алды.

    Сонымен қатар, олимпиада қорытындысымен «Ең үздік олимпиадалық мектеп-2021» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды Қызылорда қаласы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты қанжығасына байлады. Жиында Балжан Мөрәліқызы жеңімпаз оқушылар мен мектеп-интернатының директорын құттықтап, арнайы алғыс хатпен, планшеттер табыстады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.