jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бейжің олимпиадасына жолдама алған шаңғышылардың есімі белгілі болды

    Спортшы
    Фото: Olympic.kz

    Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан жеті шаңғышы сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Александр Батяйкин мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

    Қысқы ойындарда екі ер адам мен бес әйел сынға түседі.

    "Команда құрамы бекітілді. Бейжіңге Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко аттанады.

    Бапкерлер құрамына мен, Владимир Борцов пен Андрей Невзоров енді.

    Алғашында сегіз жолдама аламыз деп жоспаралағанбыз. Алайда, бір квотаға қолымыз жеткен жоқ. Мен ерлер мен әйелдер арасындағы екі эстафетаға да қатысамыз деп ойлаған едім. Біз пандемия мен шектеулерге байланысты біраз турнирге қатыса алмадық. Тек қана Германияның Оберстдорф қаласында өткен әлем біріншілігінде ғана бақ сынадық.

    Олимпиадада біздің спортшылар барлық қашықтықтар бойынша сынға түседі. Тек эстафетадан сырт қаламыз.  Қазіргі таңда команда мүшелері Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олимпиадаға 29 қаңтар күні ұшып барамыз", - деді Батяйкин. 

    Бейжің олимпиадасына жолдама алған шаңғышылардың есімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.