jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Оңай болмады": Бас бапкер қазақстандық конькишілердің өнеріне баға берді

    Бейжің
    Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко отандық спортшылардың бүгінге дейінгі көрсеткішіне тоқталып, шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

    Оның сөзінше, Қазақстан командасының өкілі Надежда Морозова 3000 метрге жақсы жүгірген.

    "Тіпті, оның бұл қашықтықтағы нәтижесі мен үшін күтпеген жағдай екені де анық. Бірақ 1500 метрге жарысар кезде Надеждаға психологиялық тұрғыдан оңай болмады. Қанша дегенмен, әлі жас әрі өзі қатысып отырған алғашқы Олимпиада. Ол нағыз бабында еді, медальға таласатын мүмкіндігі бар болатын. Өкінішке қарай, қобалжып кетті", - деді Дмитрий Бабенко.

    Бас бапкер Надеждадан алдағы уақытта көп үміт күтетітін жасырмады. Оның болашағы жарқын, дейді Бабенко.

    "Бүгін жүлде алмаса да, келесі жылғы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінетініне сенемін. Егер бізді бақылап жүрген жанкүйер болса, Надежданың бүкіл маусым бойы тұрақты өнер көрсеткенін жақсы біледі", - деді бас бапкер.

    Сонымен қатар, Дмитрий Бабенко Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын көтеріп шыққан Екатеринаның да өнеріне баға берді.

    "Екатерина Айдова үшін 1500 метр аса ыңғайлы емес. Ол негізінен 1000 метрге жүгіруге бейімделген. Сол бәсекеге дайындалып жатырмыз", - деді бас бапкер.

    "Оңай болмады": Бас бапкер қазақстандық конькишілердің өнеріне баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.