jitsu gif
Спорт

    Олимпиада чемпионы Динара Әлімбекованың Бейжіңде жолы болмады

    Биатлоншы
    Динара Әлімбекова. Фото:: dinara_alimbekova18/instagram

    Биатлоннан әйелдер арасында спринт бойынша жарыстар аяқталды. Ел намысын қорғаған Галина Вишневская-Шепоренко 52-орын алса, Баларусь спортшысы Динара Әлімбекова мәре сызығын он бесінші болып кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл қашықтықта норвегиялық Марте Ульсбю-Ройселанн Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды. Күміс медаль швециялық Эльвира Обергке бұйырса, үшінші орынды Доротеи Вирер қанағат тұтты.

    Айта кетейік, Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы, Абай ауданында өмірге келген.

    Оның әкесінің есімі - Талғат. Ұлты - қазақ. Ал анасы - беларусь.

    Динара кішкентай кезінен биатлонмен айналысады. Ол 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында өткен қысқы Олимпиадада алтыннан алқа таққан. Биатлоншы чемпиондық атаққа әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста қол жеткізген.

    Сонымен қатар, Динара әлем кубогының, Еуропа біріншілігінің жүлдегері және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

    Биатлон
    Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Олимпиада чемпионы Динара Әлімбекованың Бейжіңде жолы болмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.