jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Министр: Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады

    Бейжің
    Фото: Ақорда

    Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бейжің Олимпиадасынан кейін көшпелі кеңес өтетінін мәлімдеді. Сол жерде кардрлық шешімдер де қабылданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Бүгін министрліктің алқа мәжілісінен кейін журналистер министрден Бейжің Олимпиадасы мен қазақстандық спортшылардың дайындығына қатысты жеке пікірін сұрады.

    Абаев нақты қорытынды жасау әлі ерте екенін айтты. Себебі Олимпиада аяқталған жоқ. Дегенмен, министрлік Бурабайда көшпелі кеңесті өткізуді жоспарлап қойған.

    "Олимпиада аяқталғаннан кейін біз бірден Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткізетін боламыз. Сол жерде нақты қорытындылар жасалады. Қысқы Олимпиаданың нәтижесі бойынша белгілі бір кадрлық шешімдер де болады деп ойлаймын", - деді Абаев журналистерге берген сұхбатында.

    Айта кетерлігі, Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда аяқталады. 34 қазақстандық спортшы 87 жолдама ұтып алған. Осы уақытқа дейін финалға екеуі ғана шыққан. Бірақ медальды жеңе алмады.

    Абзал Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орынға ие болды. Ал фристайл-акробатикада Ақмаржан Қалмырзаева іріктеу кезеңінде топ жарып, бірден финалға шықса да, құлап қалды.

    Министр: Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.