jitsu gif branding logo appbranding logo app

    1 сәуірден бастап ҰОК спортқа бөлінетін мемлекеттік қаржыға иелік етпейді

    Бейжің
    Фото: Ақорда

    Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі комитет Ұлттық Олимпиада комитетімен арадағы келісімшартты тоқтатпақ. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға комитеттің баспасөз қызметі растаған.

    Агенттіктің мәліметінше, келісімшартты бұзу туралы құжатқа комитет төрағасы Самат Ерғалиев қол қойып, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне жіберген.

    Екі жақты шартты тоқтату туралы шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған.

    Құжатқа сәйкес, келісімшартты бұзу датасына дейінгі шығындар комитеттің есебінен өтеледі. Соның ішінде ҰОК қызметкерлерінің жалақысы, кеңселер мен қоймаларды жалға алу ақысы, банк қызметтері, федерацияның сервистік қызметтері және басқа жерде ұйымдастырылған шаралар бар. Бұның барлығы қаңтар-наурыз айлары бойынша қаржылық және спорттық күнтізбеге кіреді.

    "Басқа шығындар қаржыландыруға жатпайды", – делінген құжатта.

    Басылымның мәліметінше, бүгінде комитет келісімшарт бойынша ҰОК-қа 800 миллион теңгені аванс ретінде аударып берген. Қалған ақша атқарылған жұмыстар туралы актілер түскеннен кейін аударылады. Осылайша, 1 сәуірден бастап Ұлттық Олимпиада комитеті спортқа бөлінетін мемлекеттік қаржыға иелік етпейді.

    1 сәуірден бастап ҰОК спортқа бөлінетін мемлекеттік қаржыға иелік етпейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.