jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Винокуров Абзал Әжіғалиевке тосынсый жасады (фото)

    Александр Винокуров пен Абзал Әжіғалиев
    Александр Винокуров пен Абзал Әжіғалиев: facebook.com/abzal.azhgaliyev.3

    Лондон Олимпиадасының чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке сыйлық жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы Абзал Әжіғалиев өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Ол танымал велошабандоздың үйінде қонақта болған.

    "Кешегі жазбадан бір тәулік өтпестен, бүгін күндіз маған бейтаныс нөмірден бір кісі хабарласты. Бұл Александр Винокуровтың өзі екен. Ол менің жазбамды оқыған және Олимпиададағы жетістігіммен құттықтау үшін үйіне шақырды. Оның қоңырауы мен үшін тосынсый болды. Оның маған велосипед сыйлайтыны тіпті, ойыма да келмеді. Оның "спортшыны қолдап, велосипед туралы өтінішін мен орындамағанда кім орындайды", деген сөздері ерекше есімде қалды", - дейді шорт-трекші.

    Спортшының сөзінше, Винокуров өзінің мәселесін ести сала, оны шешуге көмек қолын созған алғашқы адамдардың бірі.

    Сөз соныңда Абзал өзін үйіне шақырып, уақыт бөліп, ақылың айтып, қолдау көрсеткен Олимпиада чемпионына алғысын айтты.

    "Мен әлі де өзімнің алған әсерімді жеткізе алмай отырмын. Біздің чемпионға және әлемдік велоспорттың аңызына айналған - Александр Винокуровқа көп рақмет айтқым келеді! Біздің спорт үшін жасап жатқаныңыз және маған айтқан сөздеріңіз үшін рақмет!", - деп жазды ол.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасында дейін қандай кедергілерге тап болғанын айтып, мәлімдеме жасаған еді.

    Александр Винокуров Абзал Әжіғалиевке тосынсый жасады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.