jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

    дзюдо
    Көрнекі фото: pexels.com

    Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдодан спорт шебері Найдангийн Тувшинбаяр досының өліміне кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости "Сонин" порталына сілтеме жасап.

    Оқиға 2021 жылдың сәуірінде болған. Дзюдошы мас күйінде досын аяусыз соққыға жыққан. Алған жарақаты салдарынан ер адам бірнеше айдан кейін көз жұмды.

    Хан-Көл ауданының прокуратурасы жазаны ауырлататын мән-жайды ескере отырып, Тувшинбаярды адам өліміне кінәлі деп тапқан. Сондай-ақ ол марқұмның уәкіліне 390 миллион теңгеден астам (2,78 миллиард моңғол тұғрығы) өтемақы төлеуге міндеттелді.

    "Мен болған оқиға үшін қатты өкінемін және өз кінәмді мойындаймын. Қаза тапқан жігіт менің ең жақын досым еді, ол менің барлық жеңісімнің куәсі. Оның отбасынан, ағалары мен ата-анасынан шын жүректен кешірім сұраймын. Шын мәнінде, мен досымды өлтіруге оқталған жоқпын. Бұның барлығына мен кінәлімін және судьяның үкім шығарғанын қалаймын. Мен өмірімнің соңына дейін досымның отбасына көмектесетін боламын", - дейді Найдангийн Тувшинбаяр сот отырысында.

    Айта кетейік, Найдангийн Тувшинбаяр Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 2008 жылғы Бейжің жазғы Олимпиадасында Моңғолия тарихында алғаш рет Олимпиада алтын иеленген спортшы.

    Дзюдошы финалда отандасымыз Асхат Жеткеевті жеңген болатын.

    Сонымен қатар Найдангийн Тувшинбаяр 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада күміс медаль алып, Олимпиаданың бірнеше жүлдесін иеленген алғашқы моңғолиялық спортшы атанды.

    Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.