jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Бес дүркін Олимпиада чемпионын жылан шағып алды

    шаңғы
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Биатлоннан бес дүркін Олимпиада чемпионы, норвегиялық Йоханнес Бёні жылан шағып алды. Бұл туралы rsport.ru басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Спортшыны өзінің бақшасында жұмыс істеп жүргенде жылан шаққан.

    "Бақшадан келген соң аяғымнан аздап қан ағып тұрғанын көрдім. Содан соң жара барын байқадым. Бұл жыланның шағып алған жері екен", - дейді биатлоншы.

    Йоханнес Бё дереу ауруханаға барып, дәрігерлер көмегіне жүгінеді.

    "Ауруханаға келген соң өзімді қауіпсіз сезіндім", - дейді ол.

    Йоханнес Бё биатлоннан Пхенчхан Олимпиадасының алтын жүлдегері. Ал Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында төрт рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген.

    Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарында 17 рет топ жарған.

    Бес дүркін Олимпиада чемпионын жылан шағып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.