jitsu gif
Спорт

    Халықаралық Олимпиада комитеті трансгендер спортшылардың жарысқа қатысуына тыйым сала ма

    Олимпиада туы
    Олимпиада туы. Фото: pixabay.com

    Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына қатысты пікірін айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ХОК президентінің пікірінше, трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына қатысты шешім зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, адам құқықтарын бұзбауы қажет.

    Айта кетелік, бұған дейін бірнеше халықаралық федерация әйелдер арасындағы бәсекеде трансгендерлердің қатысуына тыйым салған. Өткен аптада Халықаралық велосипедшілер одағы дәл осындай шектеу қойған болатын.

    "Мұндай мәселемен өзіндік ережесі және ерекшеліктері бар халықаралық федерациялар айналысуы керек. Бірақ бұл жерде адам құқығы мен трансгендер спортшылардың пікірі де тапталмауы тиіс. Ең соңында дұрыс шешім қабылдау үшін қажет бұл", - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

    Халықаралық Олимпиада комитеті трансгендер спортшылардың жарысқа қатысуына тыйым сала ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.