jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Париждегі Олимпиаданың жабылу салтанаты: басталу уақыты мен тікелей көрсетілім

    Париждегі Эйфель мұнарасы
    Париждегі Эйфель мұнарасы. Фото: FABRICE COFFRINI/AFP via Getty Images

    Бүгін қорытынды жарыстардан кейін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соңғы спорттық жарыс Франция мен АҚШ құрамалары арасындағы әйелдер баскетбол турнирінің финалы болмақ. Ол қазақстандық уақыт бойынша сағат 18:30-да басталады.

    Records ("Рекордтар") деп аталатын жабылу салтанаты 80 мың көрерменге арналған және жеңіл атлетикадан олимпиадалық жарыстарды өткізетін "Стад де Франс" стадионында өтеді. Іс-шара қазақстандық уақыт бойынша 11-нен 12 тамызға қараған түні басталады және шамамен екі сағатқа созылады.

    Жабылу аясында марафондағы медаль иегерлерін марапаттау, спортшылардың шеруі, олимпиада туын түсіру және оны келесі жазғы ойындардың иесіне тапсыру (Лос-Анджелес-2028) рәсімі өтеді.

    Қазақстанда тікелей эфирді Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" және "Ел арна" телеарналарынан көруге болады.

    Эфирлер Астана уақыты бойынша сағат 23:15-те басталады.

    Париждегі Олимпиаданың жабылу салтанаты: басталу уақыты мен тікелей көрсетілім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.