jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Бапкерімнің үйдегі көшірмесі сияқты": Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты

    Демеу Жадыраевтың анасы мен жұбайы
    Демеу Жадыраевтың анасы мен жұбайы. Скриншот: instagram.com / dubsmash_kaz

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жауапкершілігі өте жоғары қыз болды. Сүйкімді болды. Сол себептен өзіне ғашық қылды. Осылайша шаңырақ көтердік, қазіргі уақытта бірге тұрып жатырмыз. Қиын сәтте қолдау білдіреді, мықты мотивация береді. Тура ағайыммен (бапкеріммен) салыстырамын. Кейде ағайымның кейбір сөздерін айтып қалады. Бұл нәрсені өзіне де айтамын. Кейбіреуін айтамын, кейбіреуін айтпаймын. Жұбайым өз-өзіме деген сенімділігімді арттырды десем де болады.

    Қандай жылы сөздер бар болса, соның бәрін айтамыз. Қолдан келгенше еркелетуге тырысамыз. Осының алдында дұрыс көңіл бөле алмай жүрдік. Енді қазір дұрыстап көңіл бөлеміз. Ол да түсінеді, біледі. Оқу-жаттығу жиынына кеткенде, мазаламайды. Айлап үйде болмаймын, соған көнеді. Керісінше жұбайым: "Ештеңе ойлама, алаңдама, жаттығуыңды жаса", - деп сенім білдіреді. Ағайымның үйдегі көшірмесі сияқты", - деді Демеу Жадыраев.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Демеу Жадыраев күміс медаль еншіледі. Ол ақтық сында жапон спортшысы Нао Кусакаға есе жіберген болатын.

    "Бапкерімнің үйдегі көшірмесі сияқты": Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.