"Сіңірі жыртылып кеткен": Сәкен Бибосынов Азия біріншілігінде рингке шығардың алдында жарақат алған
Опубликовано:

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жақында аяғына операция жасатты. Қазақстандық боксшы "Бірінші бол" сайтына берген сұқбатында қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Азия чемпионатында рингке шығардың алдында бес минут бұрын жарақат алдым. Шегінуге жол жоқ, шаршы алаңға ауырсынуды басатын жақпа майды жағып, жарақатпен шықтым. Сол себепті өзім ойлағандай ойын өрнегін көрсете алмадым. Елге оралған соң МРТ-ға түсірсек, аяғымның екі жерінең сіңірі жыртылып кеткенін анықтадық. Сондықтан аяғыма операция жасаттым. Енді бір немесе бір жарым ай көлемінде қайтадан жаттығуды бастаймын", - деді Сәкен Бибосынов.
Естеріңізге сала кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының ширек финалында Сәкен Бибосынов (51 кг) өзбекстандық боксшы Асылбек Жалиловке есе жіберген болатын.
Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов та бұл жеңілістің себебін түсіндіріп, шәкіртінің денсаулығы туралы айтқан болатын.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2203466-singiri-zhyrtylyp-ketken-saken-bibosynov-aziia-chempionatynda-algan-auyr-zharaqaty-turaly-aitty/