jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы қаулы қабылданды

    Париж Олимпиадасы
    Париж Олимпиадасы. Фото: Olympic.kz

    Қазақстан үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша, бұл қадам мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асып отыр.

    Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген. Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

    Министрлік өкілдері сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаға сәйкес жүзеге асатынын мәлім етті.

    Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада 2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтті.

    Олимпиада ойындарының нәтижесінде Қазақстан 1 алтын, үш күміс және үш қола медаль иеленді. Паралимпиадашылар қоржынға екі алтын, үш күміс және төрт қола медаль салған болатын.

    2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы қаулы қабылданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.