
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан жалпы есепте 22-шы орында келеді, деп хабарлайды Хабар-24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл, әрине, отандық фристайл шебері Юлия Галышева арқасында. Ол жеңіп алған жалғыз қола медальдан басқа ел қоржынында жүлде жоқ.
Тізімнің топ басында 9 бірдей алтыны бар Германия құрамасы келеді. Үздік үштікте Норвегия мен Нидерланд спортшылары.
Қос құрама сәйкесінше 6 және 5 алтыннан еншіледі.
Кезекті жарыс күні әлі аяқталған жоқ. Сондықтан тізімде өзгерістер болуы мүмкін.
Ал қысқы ойындардың өзі 25 ақпанға дейін жалғасады. Сәйкесінше медальдық есептің ресми соңғы нәтижесі сол кезде белгілі болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1717406-kysky-olimpiada-ks-basynda-kaj-memleket-tr/