Санаулы күндерден соң Қытайда төрткүл әлем көз тіккен қысқы олимпиаданың алауы тұтанады. Аспан асты елі ірі доданы өткізуге тас түйін дайын. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі БАҚ өкілдері үшін 24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған медиа орталық туралы айтып берді.
Қытайдың астанасында орналасқан медиа орталықтың ауданы - 98000 шаршы метр.
Олимпиада кезінде осы жерден әлемнің түкпір-түкпірінен келген БАҚ өкілдері ақпарат тарататын болады.
Нысан Қытай ұлттық конференц-орталығының жаңадан салынған павильонында орналасқан.
Айта кетейік, аумақта бірнеше спорт кешендері шоғырланған. Олар: "Құс ұясы" алаңы, "Мұз текшесі" ғимараты, Бейжіңнің мемлекеттік спорт сарайы.
Аталған нысандар 2008 жылғы жазғы олимпиада қарсаңында қолданысқа берілген.
Медиа орталықта көптеген баспасөз конференциялары мен ресми іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр.
Қызметкерлер ғимаратта бір уақытта 2 800-ге жуық адам жұмыс істей алатынын жеткізді.
24 қаңтар мен 20 ақпан аралығында орталық үзіліссіз қызмет етпек.
Ол үшін БАҚ өкілдеріне барлық жағдай жасалған.
Тегін интернет, жайлы орын, тамаша атмосфера, санитарлық шаралар, спорттық жарыстарды онлайн көрсететін үлкенді-кішілі теледидарлар көпшіліктің көңілінен шығуда.
Орталықта медиа саласының мамандары үшін шай, су, жеміс-жидектер мен тәттілер беріледі. Олардың таусылып қалмауын қызметкерлер сәт сайын қағалап отыр.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері тынығып алу мақсатында ұйықтайтын бөлмелер ұйымдастырылған. Олардың саны оннан асады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953619-uiyqtauga-da-bolady-beizindegi-media-ortalyq-qalai-zumys-istep-zatyr-foto/