Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына медаль салған Герлицті құттықтады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлицті паралимпиададағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды.  Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі.  Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Бейжіңде өтіп жатқан 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1959727-toqaev-paralimpiada-oiyndarynda-qazaqstan-qorzynyna-medal-salgan-gerlicti-quttyqtady/