Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Денис Никиша
Денис Никиша. Фото: olympic.kz

Бұл күндері Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандықтар сапынан Денис Никиша жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денис 500 метрге жүгіруден күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған қашықтықты 40.998 секундта бағындырған.

Бұл бәсекеде чемпиондық атақты Оңтүстік Корея өкілі Ким Тае Сунг иеленді. Қола жүлде оның командаласы Джанг Сунгвоға бұйырған.

Айта кетелік, бұл Денистің биылғы маусымдағы үшінші медалі. Бұған дейін ол Канад мен АҚШ-та өткен кубоктік кезеңде жекелей сын және эстафета бойынша әлем мықтыларының қатарына енген болатын.

Әлем кубогінің төртінші кезеңі де Алматыда өтеді. Бәсеке 16-18 желтоқсанға жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001042-denis-nikisa-sort-trekten-alem-kuboginde-kumis-medal-zenip-aldy/