Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Алты дүркін Олимпиада чемпионын өз елінде жұмысқа алмай қойды

Жарияланған күні:

Виктор Ан жарыс кезінде
Виктор Ан. Фото: championat.com

Оңтүстік Корея мен Ресей құрамаларында өнер көрсеткен шорт-трекші, алты дүркін Олимпиада чемпионы Виктор Ан өз елінде жұмысқа тұра алмады. Бұл туралы Championat.com хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

37 жастағы Ан қаңтар айында шорт-тректен Соннам қалалық командасын жаттықтыруға өтінім берген. Алайда кореялықтар даңқты спортшыны қабылдаған жоқ.

"Біз кандидаттардың түйіндемесін тексерген кезде көптеген факторларға назар аудардық. Оның ішінде коммуникативті дағдыларына да мән бердік. Сондай-ақ конькимен жүгірушілер қоғамдастығынданы ақпараттар мен түрлі жағдайларды қаперге алдық", - делінген Соннам қалалық мэриясы таратқан ақпаратта.

Виктор Анның шын есімі - Ан Хен Су. Ол Сеулде дүниеге келген. 2006 жылғы Турин Олимпиадасында үш алтын медаль жеңіп алды.

Ал 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қарсаңында Ресей азаматтығын алып, тағы да үш рет Олимпиада чемпионы атанған.

Сонымен қатар Виктор Ан әлемнің 20 дүркін чемпионы, алты дүркін абсолютті чемпионы саналады.

Оңтүстік Кореяда Анды ел азаматтығынан бас тартып, Бейжің Олимпиадасында Қытай құрамасын жаттықтырғаны үшін сынға алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007272-alty-durkin-olimpiada-cempionyn-oz-elinde-zumysqa-almai-qoidy/