Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі: Табиғи апаттан тағы бес спортшы қаза тапты

Жарияланған күні:

Зілзала
Түркиядағы жел сілнісінен қираған ғимарат. Фото: Umit Turhan Coskun/NurPhoto/Getty Images

Түркиядағы жел сілкінісінен тағы бес спортшы қаза тапты. Бұл ақпаратты Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Түркияның үстел теннисі федерациясы құраманың бес спортшысының жойқын жер сілкінісі кезінде қаза тапқанын растады. Бүгінде олардың жеке басы анықталған: Фериха Чердакли, Зюмрал Гезюкара, Джейлин Калкан, Ахмет Реккал және Эмин Үйсун. ITTF орны толмас қазаға қайғырып, марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтады", – делінген халықаралық ұйымның сайтында.

Еске сала кетейік, дүйсенбі 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етті.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009730-turkiyadagy-zer-silkinisi-tabigi-apattan-tagy-bes-sportsy-qaza-tapty/