Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық Олимпиада комитеті әлемдік бокс ұйымының тағдырын шешетін жиын өткізеді

Жарияланған күні:

Боксер Сакен Бибосынов
Сакен Бибосынов. Фото: James Chance/Getty Images

Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті Халықаралық бокс федерациясын мойындамауды сұрады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған мәселені шешуге арналған ХОК-тың кезектен тыс сессиясы 22 маусымда өтеді. Осы орайда, ХОК боксты 2024 жылғы Олимпиада ойындарында сақтап қалуға риетті.

"IBA 2021 жылдың 9 желтоқсанында көрсетілген талаптарды орындаған жоқ",- делінген хабарламада.

Айта кетелік, 2019 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Халықаралық бокс федерациясын мәртебесінен айырған болатын. Бұған ұйымдағы қаржылық және басқарушылық дағдарыстар себеп.

Ұйымды шеттетуіне байланысты 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесін ұйымдастыруды ХОК өз мойнына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023931-xalyqaralyq-olimpiada-komiteti-alemdik-boks-uiymynyn-tagdyryn-sesetin-ziyn-otkizedi/