jitsu gif
Спорт

    Ұлттық құрама Азия кубогында Жапониядан 8:0 есебімен ұтылды

    допты хоккей
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Жапонияның Какамигахара қаласында көгалдағы хоккейден 21 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы VIII Азия Кубогында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыға алған жоқ. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

    Кеше, 8 маусымда Серік Қалымбаев баптайтын отандық спортшылар жарыс қожайыны Жапониямен ойнап, 0-8 есебімен ұтылып қалды.

    Осылайша, отандық хоккейшілер жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасы Индонезияны 6-0, сосын Гонконгты 3-0 есебімен ұтқан. Алайда 2-турда Қытай хоккейшілеріне жол берген (0-14).

    Қазір Ұлттық құрама сапында ең көп гол салған ойыншы – Виктория Лобанова (4 гол). Одан кейін Виктория Ляпина (3 гол) мен капитан Балжан Бейсенбай (2 гол) келе жатыр.

    Енді Ұлттық құрама Қытайдың Тайбэйімен ойнап, 5-8 аралығындағы орындарды сарапқа салады.

    В тобынан Қытай мен Жапония, ал А себетінен Үндістан мен Оңтүстік Корея жартылай финалға шықты. Осы командалардың үшеуі биыл Чили астанасы Сантьягода өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына барады. А

    йта кетейік, сары құрлық додасы 11 маусымда аяқталады.

    Ұлттық құрама Азия кубогында Жапониядан 8:0 есебімен ұтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.