jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    велосипед
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында отандық спортшы Рамис Дінмұхамедов мәре сызығын екінші болып кесті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды.

    Отандық велошабандоз із кесу жарысында 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы жапониялық Эйя Хасимотоға ғана есе жіберді.

    Қола жүлдені гонконгтық Лян Чунь Вин иеленді.

    Бұл құрлық додасында Ұлттық құрама қоржынына түскен 2-медаль.

    Айта кетейік, биылғы сары құрлық додасына 30 елдің үздіктері жиналды. Оның ішінде қазақстандықтар саны – 14.

    Тура 2018 жылы Нилайдағы осы ұлттық велодромда құрлық чемпионаты өтіп, оған 22 мемлекет өз спортшысын жіберген.

    Малайзиядағы жарыста Париж Олимпиадасы жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.

    Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.