jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Теннис
    Фото: pixabay.com

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Отандық теннисші Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің ширек финалында эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге нидерландылықтар Робин Хасе - Таллон Грикспурмен шеберлік байқасты.

    Бір сағатқа созылған матчта Недовесов пен Эскобар 6:3, 6:4 есебімен қарсыластарынан басым түсті.

    Енді қазақстандық-эквадорлық жұп финалға шығу үшін аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнамақ.

    Айта кетейік, Недовесов пен Эскобар турнирдің алғашқы кезеңінде сальвадорлық Марсело Аревало - нидерландылық Жан-Жюльен Ройерменді ұтты.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.