jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы Grand Slam: Мағжан Шамшадин мен Ғұсман Қырғызбаев финалға шықты

    Мағжан Шамшадин мен Ғұсман Қырғызбаев
    Мағжан Шамшадин мен Ғұсман Қырғызбаев. Фото: Ijf.org

    Бүгін астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде екі қазақ балуаны финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин турнирдің алтын медаліне таласады.

    Мағжан жарысты екінші айналымнан бастап, Әзірбайжан және Өзбекстан балуандарын ұтты. Ал жартылай финалда тәжікстандық Мерзод Суфивтен басым түсті. Мағжан Шамшадиннің финалдағы қарсыласы - фрранциялық Седрик Револ.

    66 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Ғұсман Қырғызбаев та финалға шықты. Ғұсман турнир барысында 2021 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Яго Абуладзені жеңді. Қырғызбаев екі жыл бұрын әлем біріншілігінің финалында осы Абуладзеден ұтылған болатын.

    Сондай-ақ қазақ балуаны Біріккен Араб Әмірліктері, Әзірбайжан, Өзбекстан спортшыларын жеңді. Ғұсман Қырғызбаевтың финалдағы қарсыласы - испаниялық Давид Гарсия Торне.

    Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева ресейлік Кристина Дудневаға қарсы шығып, қола жүлдені сарапқа салады.

    Астанадағы Grand Slam: Мағжан Шамшадин мен Ғұсман Қырғызбаев финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.