Дүниежүзілік рейтингте үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Германиядағы турнирді жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Отандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 139-орында тұрған ресейлік Полина Кудерметовамен шеберлік байқасты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған ойында 6:4, 6:2 есебімен Қазақстанның бірінші ракеткасы жеңіске жетті.
Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025647-rybakina-berlin-turnirin-zenispen-bastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.