jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Бублик Германиядағы жеңісінен соң рейтингте бірден 21 сатыға көтерілді

    Александр Бублик кортта
    Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) ерлер арасындағы әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстандық Александр Бублик 21 сатыға жоғарылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Александр Бублик АТР рейтингінде 48-орында тұрған болатын. Кеше Германияның Галле қаласында өткен АТР-500 турнирінде топ жарған соң, отандық теннисші әлемдік рейтингте 27-орынға көтерілді.

    Осылайша, Бублик өз мансабында алғаш рет осындай жоғары нәтиже тіркеп отыр.

    Айта кетелік, кеше Александр Бублик АТР-500 турнирінде жеңіске жетті. Ол финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтты.

    Бұл Бубликтің аталған мәртебелі жарыстағы алғашқы жеңісі.

    Александр Бублик Германиядағы жеңісінен соң рейтингте бірден 21 сатыға көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.