jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Тарихта болмаған жайт: 54 жастағы грузиялық спортшы өзінің оныншы Олимпиадасына жолдама алды

    Нино Салуквадзе
    Нино Салуквадзе. Фото: sports.ru

    Грузия құрамасының мүшесі Нино Салуквадзе өзінің оныншы Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әйелдер арасында Олимпиадаға ең көп қатысқан Нино Париждегі төртжылдық додасына да жолдама алды. Бұл мәліметті Грузияның ұлттық олимпиадалық комитеті де растады.

    "Үшінші Еуропа ойындарында тапаншамен 25 метрге атудан жүлдегерлер анықталды. Бұл бәсекеде бақ сынаған Нино Салуквазде төртінші орын иеленіп, өз мансабында оныншы Олимпиада ойындарына жолдама алды", - делінген хабарламада.

    Олимпиада ойындарының тарихында он Олимпиадаға қатысқан әйел адам әлі тіркелмеген.

    Нино Салуквадзе 54 жаста. Ол Грузия спортының тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі. Ол 19 жасында алғаш рет Сеул Олимпиадасына қатысып, 25 метрге тапаншамен атудан чемпион атанған. Сондай-ақ ол аталған Олимпиадада 10 метрге тапанша көздеуден күміс медаль иеленді.

    Ниноның медаль қоржынында 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесі де бар. Одан бөлек, Салуквазде бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы саналады.

    Тарихта болмаған жайт: 54 жастағы грузиялық спортшы өзінің оныншы Олимпиадасына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.