Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден үздік үштікке енді. Оның көрсеткіші - 51.86 секунд.
Алтын медальді жапондық Кацухиро Мацумото (51.13), күмісті қытайлық Чангхао Ванг (51.24) жеңіп алды.
Айта кетелік, бұл Әділбектің ең ыңғайлы қашықтығы саналады.
Қазақстандық спортшы жүзуден Азия ойындарының екінші қоласын иеленіп отыр. Бұған дейін ол Индонезияда өткен Азиадада командалық эстафетадан жүлде алған.
Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында алғашқы алтын қоржынға түсті.
Стенд атудан Қазақстан командасы ел әнұранын шырқатып, спортшыларымызға жол ашқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038426-adilbek-musin-aziya-zuzuden-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesin-zenip-aldy/