Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың бір бөлігі Алматы қаласының әуежайына қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елге оралған спортшыларды жақындары мен жанкүйерлері жоғары деңгейде күтіп алды. Олардың арасында Асланбек Шымбергенов, Сағындық Тоғамбай, Сәкен Бибосынов, Мейіржан Шермаханбет, Азат Садықов және т.б. бар
Алматылықтар құрлықтық додаға қатысқан боксшылар мен балуандардың құрметіне ән шырқап, өз қолдауын білдірді.
Жиналған көпшілік жүлделі орынға ие болған спортшыларға қазақтың ұлттық киімі шапан кигізіп, өз қошеметін көрсетті.
Айта кетейік, жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта Қазақстан қанжығасында 68 медаль бар. Тоғыз алтын, 18 күміс және 41 қола.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039963-aziya-oiyndaryna-qatysqan-sportsylardyn-bir-boligi-almatyga-usyp-keldi-video/