Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлттық құраманың нәтижесі төмендеп барады": Спорт және туризм министрі баскетбол федерациясының өкілдерімен кездесті

Жарияланған күні:

Ермек Маржықпаев жиналыста
Ермек Маржықпаев жиналыста. Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Баскетбол федерациясы жиын барысында 2023 жылға қорытынды жасап, алдағы бәсекелерге жоспарларымен бөлісті. Баскетболдан ұлттық құрама өткен жылы Қытайда өткен Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтамай, жақсы нәтиже көрсете алмаған еді. Сондай-ақ ерлер арасындағы 5х5 командасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу кезеңдерінде сәтсіз өнер көрсетіп, жолдамаға қол жеткіізе алмады. Ал 3х3 баскетболы бойынша әлі бір іріктеу жарысы бар. 2024 жылға жоспарланған олимпиадалық іріктеу бәсекесінде топ жарған команда ғана лизенцияға иелік етеді.

Баскетбол федерациясының өкілдері
Қазақстан баскетбол федерациясының өкілдері. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

"Елімізде 400 мыңнан аса адам баскетболмен шұғылданады. 16 облыстағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 156 бөлімше жұмыс істейді. Статистика бойынша жыл сайын баскетболмен айналысатындардың саны артып жатқанымен, ұлттық құрманың нәтижесі төмендеп барады. Тәуелсіздік жылдарындағы Азия чемпионаттарының нәтижесіне көз жүгіртсек, 5х5 баскетболдан әйелдер құрамасы ешқашан үздік 5 команданың қатарына енбеген. Ерлер арасындағы 5х5 баскетболдан Қазақстан құрамасы бірде-бір рет әлем чемпионатына қатыса алмады. Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтиже – 4-орын. Оның өзі 2007 жылғы көрсеткіш. Ұлттық құраманың орташа жасы – 33", – деді Ермек Маржықпаев.

Баскетбол федерациясының өкілдері
Қазақстан баскетбол федерациясының өкілдері. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Жиында министр баскетбол федерациясының басшылығына ұлттық құрамалардың жаттықтырушыларын қысқа мерзімде бекітуді, Халықаралық ұйымдардағы өкілдікті ұлғайту және халықаралық деңгейдегі спорт төрешілерін даярлау жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларының орташа жасын төмендетіп, спортшыларды даярлауда жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін міндеттеді.

Айта кетейік, баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы осы уақытқа дейін Әлем Кубогына жолдама алған жоқ. Ал 2022 жылы Азия Кубогында 16-орынға жайғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055903-ulttyq-quramanyn-natizesi-tomendep-barady-sport-zane-turizm-ministri-basketbol-federaciyasynyn-okilderimen-kezdesti/