Бүгін, 29 қаңтарда ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершов өмірден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ауыр атлетика федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Вячеслав Ершов – 2006 жылы Қатар астанасы Дохада өткен Азия ойындарының чемпионы, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
"Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының жақындары мен туыстары көңіл айтады. Мәңгі есімізде қаласың, чемпион", – деп жазды ауыр атлетика федерациясы.
Айта кетейік, Вячеслав Ершов 2013 жылы ауыр атлетикадан әлемнің екі дүркін чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Майя Манезамен шаңырақ көтерген еді. Спортшының артында әйелі мен бір ұл, бір қызы қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058132-auyr-atletikadan-aziya-oiyndarynyn-cempiony-qaitys-boldy/