Белгілі комментатор Амангелді Сейітхановтың ұлы Бекасыл Сейітхан Парижде өтетін Олимпиада ойындарын жүргізетін комментаторлар тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Хабар" телеарнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Хабар" агенттігі Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында комментаторлық қызмет атқаратын тілшілердің есімдерін атады. Бұл тізімде Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айбек Қабылша секілді тәжірибесі толысқан тілшілермен қатар жас Бекасыл Сейітхан да табылды. Бекасыл Сейітхан – белгілі комментатор, білікті журналист Амангелді Сейітханның ұлы.
Айта кетейік, Париждегі байрақты бәсекені биыл алғаш рет еліміздің бес бірдей телеарнасы – "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар", "Ел арна" және "Jibek Joly" тікелей эфирде көрсетеді.
Аталмыш бес арна Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді.
Төртжылдықтың басты бәсекесі 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада ойындарына әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы бақ сынайды. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139507-belgili-zhurnalist-amangeldi-seiithannyng-uly-parizh-olimpiadasynda-kommentatorlyq-qyzmet-atqarady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.