Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасының ашылу рәсімінде Қазақстан туын алып жүретін спортшылар киімін көрсетті

Жарияланған күні:

Олимпиада туын ұстайтын спортшылар
Олимпиада туын ұстайтын спортшылар: instagram.com/olympickz/

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын кімнің алып жүретіні белгілі болды, деп хабарлайды Олимпиада ойындарының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Биыл делегациялардың көпшілігі ашылу салтанатына қатысу үшін екі ту ұстаушыны таңдағаны атап өтіледі.

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен 100 және 200 метрге жүгіретін Ольга Сафронова Қазақстан туын алып жүретіні хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин мен туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париждегі Олимпиада ауылына барып, 2024 жылғы ойындарға келген спортшылармен кездесті.

Делегация спортшылардың тұрып жатқан жерлерін көріп, жағдайларын білісті. Қазақстандық олимпиадашылармен кездесу барысында Маржықпаев пен Головкин "оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен табысты өнер көрсетулерін тіледі".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140392-parizhdegi-olimpiada-ashyluynda-qazaqstan-tuyn-kim-alyp-zhuretini-belgili-boldy/