jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтің ата-анасы мен жұбайына құрмет көрсетті (видео)

    Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барды
    Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барды. Фото: gov.kz

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, Ербол Қарашөкеев дзюдошы Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісін, ал чемпионның жарына "Құрмет" грамотасын табыстаған.

    "Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады.

    "Алып анадан туады" деген қазақта аталы сөз бар. Елдостың елдің баласы атанып, байрақты бәсекелерде топ жаруына ата-анасының сіңірген еңбегі, тәлім-тәрбиесі, жанұясының қолдауы зор", - деді облыс әкімі.

    Еске салайық, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған еді. Ол финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңді. Осылайша, дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

    Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтің ата-анасы мен жұбайына құрмет көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.