jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиадаға аттанған тұңғыш қазақстандық бадминтоншы медаль еншілей алмады

    Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин
    Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин. Фото: ARUN SANKAR/AFP via Getty Images

    Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасын аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дмитрий Панарин топтық кезеңнің екінші матчында канадалық бадминтоншы Брайан Янгпен шеберлік байқасты. Бұл ойында қазақстандық споршы 2:0 (18:21, 10:21) есебімен ұтылды.

    Панарин 28 шілдеде Олимпиададағы дебютінде Жапония өкілі Нишимото Кентамен кездесіп, 2:0 (21:5, 21:11) есебімен жеңіліп қалған еді.

    Айта кетейік, Дмитрий Панарин – бадминтоннан Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақстандық спортшы. Ол – халықаралық деңгейдегі Kazakhstan International (2018 жылы), Cyprus International (2021 жылы) турнирінің жеңімпазы.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде қазақстандық мергендер жұбы Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола жүлде еншілеген еді. Сол күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал кеше, 28 шілдеде тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

    Олимпиадаға аттанған тұңғыш қазақстандық бадминтоншы медаль еншілей алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.