Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық триатлоншы Екатерина Шабалина жекелей жарыста сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында триатлоннан әйелдер арасында жекелей жарыс өтті. Жүлдені сарапқа салуға 55 спортшы бақ сынасты. Бұл бәсекеге Қазақстан атынан Екатерина Шабалина қатысты.
Екатерина Шабалина велосипед кезеңінің екінші айналымында жарыс жолынан шығып қалды. Ол триатлонның бірінші бөлігінде — 1500 метрге жүзуде соңғы болып келген еді.
Бұл сайыста спортшылар 1500 метрді жүзіп, 40 шақырымды велосипедте жүріп, 10 шақырымды жүгіріп өтті.
Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін өз жалғасын табады. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.
Сондай-ақ бүгін, 31 шілдеде Олимпиадада Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайтынын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142411-parizh-olimpiadasy-qazaqstandyq-triatlonshy-zharys-zholynan-shygyp-qaldy/