jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түрік мергені Олимпиадаға неге арнайы құрал-жабдықсыз қатысқанын айтты

    Түркиялық мерген Юсуф Дикеч
    Түркиялық мерген Юсуф Дикеч. Фото: ALAIN JOCARD/AFP via Getty Images

    Түркиялық мерген Юсуф Дикеч Париж Олимпиадасына неге арнайы құрал-жабдықсыз қатысқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    51 жастағы түрік спортшысы Юсуф Дикеч арнайы жабдықтың бірін де қолданбай, Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Ол Jibek Joly телеарнасына берген сұқбатында неге құрал-жабдықсыз жарыс жолына шыққанын түсіндірді.

    "Құрал-жабдықты кигенде өзімді жайсыз сезінемін. Ату спортымен айналысқанда жайлылықты сезіну және нысанаға ғана назар аудару маңызды. Ал мен бұл киімде өзімді ыңғайсыз сезінемін. Сол үшін де кимеймін. Ату спортында жүргеніме 24 жыл болды. Бұған дейін танымал болған емеспін. Ал Олимпиададан соң көшеде жай жүре алмайтын жағдайға жеттім. Адамдар құттықтап, бірге суретке түсу туралы өтініш жасайды. Түркияда ғана емес, басқа елдерде де танымалдығым артқанын түсіндім. Әлеуметтік желіде жазып, белгілеп жатады. Керемет сезім екен. Бұл менің бесінші Олимпиадам болса да, алғашқы жүлдем", - деді түркиялық спортшы. 

    Сондай-ақ Юсуф Дикеч қазақстандық спортшылар туралы да пікірін білдірді. 

    "Қазақстандық спортшыларды жақсы танимын. Оларды білмеу мүмкін емес, бірге жарыстық қой. Қазақстандық мергендермен сөйлесіп тұрамыз. Олимпиадада қандай да бір нәтижеге жету үшін тынымсыз еңбек ету керек. Қазақстандық спортшылар болашақта биік белестерді бағындыратынына сенімдімін. Еңбек қай кезде де нәтижесін береді, менің жағдайым бұған дәлел болса керек", - деді мерген. 

    Юсуф Дикеч енді 2028 жылы Лос-Андежелесте өтетін Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуға ниетті екенін айтты.

    Түрік мергені Олимпиадаға неге арнайы құрал-жабдықсыз қатысқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.