jitsu gif
Спорт

    Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

    Эльжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали
    Эльжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали. Фото: olympic.kz

    Париждегі жазғы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жабылу салтанатында ту ұстау құрметі көркем гимнастика өкілі Эльжана Таниева мен таеквондошы Батырхан Төлеуғалиге берілді.

    18 жастағы Эльжана Таниева – көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы. Ол биыл алғаш рет Олимпиадаға қатысып, жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінде 13-орынға ие болды.

    Батырхан Төлеуғали – 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы. Жарыстың ресми ашылуына бір күн қалғанда ол 18 жасқа толды. Батырхан да бірінші рет Олимпиадаға қатысты. Қазақстандық таеквондошы 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 1/8 финалда Италия спортшысы Симоне Алессиоға есе жіберген болатын.

    Еске сала кетейік, жалпыкомандалық есепте Қазақстан 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен 43-орынға тұрақтады.

    Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.