jitsu gif
Спорт

    "Түймедақ шайы, валерьян дәрісі": Александра Ле нысана көздеу спортындағы допинг туралы айтты

    Александра Ле
    Александра Ле. Фото: olympic.kz

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле нысана көздеу спортындағы допинг туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Коре Сарам" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Александра Ле Олимпиада алдында үш рет допинг тексерісінен өткенін және жарты жыл бойы ешқандай дәрі-дәрмек қолданбағанын айтты.
    • Нысана көздеу спортында тыныштандыратын дәрі-дәрмектерді, оның ішінде түймедақ шайы мен валерьян қолдану допингке жататынын атап өтті.
    • Александра Ле нысана көздеудегі шеберлік өзіңді, қорқынышты және эмоцияны жеңе білу екенін, сондай-ақ өзіңе, тыныс алуыңа, жүрек соғысыңа назар аудара білу маңызды екенін түсіндірді.

    "Олимпиадаға дейін бізді шамамен үш рет тексерді, ал жүлдегерлерді жарыс аяқталғаннан кейін тағы да тексерді. Мен жарты жыл бойы ешқандай дәрі-дәрмек қолданған жоқпын, әрдайым өзімнің термосымды алып жүрдім, ешкімнен ештеңе алмадым. Бірақ иммунитетке арналған витаминдерді қолдандым", - дейді Александра Ле.

    Оның айтуынша, нысана көздеу спортында тыныштандыратын дәрі-дәрмектер допинг болып саналады.

    "Азиялық және түймедақ шайлары және валерьян сияқты тыныштандыратын дәрі-дәрмектер мергендер үшін допинг болып саналады, өйткені жарыс кезінде алаңдаушылық жиі болады және жүрек соғысы жиілейді. Нысана көздеудегі шеберлік – өзіңді, қорқынышты және эмоцияны жеңе білу. Қаруды дұрыс оқтап, шүріппені басу жеткіліксіз, өзіңе, тыныс алуыңа, жүрек соғысыңа назар аудара білу маңызды. Бұл – нағыз кәсібиліктің белгісі", - деді Александра Ле.

    Айта кетейік, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 27 шілдеде 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды.

    "Түймедақ шайы, валерьян дәрісі": Александра Ле нысана көздеу спортындағы допинг туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.