Қазақстан таеквондо федерациясының президенті болып кәсіпкер Шамиев Кудрәт Игнатұлы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
16 тамызда таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким мен вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Қондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев қызметінен кеткен еді. Ким федерацияны 2013 жылдан бері басқарды. Ол басшы болған жылдары Қазақстанда таеквондомен айналысатындар саны 12 000-нан 50 000 адамға дейін өскен.
6 қыркүйек күні Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мүшелерінің кезектен тыс жиналысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қарастырылды, сонымен қатар Федерацияның жаңа президенті сайланды.
Жиынға қатысқан 20 облыстық федерация мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен ұсынылған кандидатураны 14 адам қолдады. Нәтижесінде Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті ретінде Шамиев Кудрәт Игнатұлы сайланды.
"Жеке мақсаттарымның жетегінде емес, ел мүддесі үшін осы қызметке келіп отырмын. Алда Лос Анджелес Олимпиадасы бар, бірақ біздің жұмыс стратегиямыз бір Олимпиадалық кезеңмен шектелмей, 20 жылға бағыт-бағдарымыз айқын болуы тиіс. Әр спортшының толыққанды дайындығы үшін қажеттінің барлығын ұсынып, кез келген деңгейдегі жарысты әділ өткізу – бізге артылған аманат деп білемін. ҚР Туризм және Спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірге бір жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз", - деді Шамиев өз сөзінде.
Шамиев Кудрәт Игнатұлы – кәсіпкер-меценат, 34 жаста. Азия-Тынық мұхиты технология және инновациялар университетінде "халықаралық бизнесті басқару" мамандығы бойынша білім алған, еңбек өтілі 12 жыл, қазіргі уақытта Integra Construction KZ ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, 2021 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154867-qazaqstan-taekvondo-federatsiiasyna-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.