jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Олимпиада жүлдегері Александра Ле Ақордада президентпен не жайлы сөйлескенін айтты

    Александра Ле мен Қасым-Жомарт Тоқаев
    Александра Ле мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Нысана көздеуден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Ле Sport+ Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі барысында Александра Ле "Құрмет" орденімен марапатталған еді. Кейін ол көпшілік алдында сөз сөйледі. Спортшы президентпен аздап әңгімелесіп те үлгерген.

    "Мен сөзімді аяқтағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мені тоқтатып, сөйлесті. Ол Олимпиада кезінде біздің өнерімізді эфирден көрген екен. Мемлекет басшысы менің қабілетім бар екенін айтты", - деді Александра Ле.

    Сондай-ақ спортшы Ислам Сәтбаевпен қалай дуэт болғанын айтып берді.

    "Бізде бақылау атысы өтті, оның қорытындысы бойынша жаттықтырушылар үздік спортшыларды іріктеп алды. Қыздар арасында мен ең жақсы нәтижеге қол жеткіздім, жігіттер арасында Ислам жақсы нәтиже көрсетті. Біздің спорт түрінде жұптық жарыстарда сіз серіктесіңізге нысанаға дөп тигізуге көмектесе алмайсыз. Біз дәл атуымыз керек, атыс кезінде бір-бірімізге сенеміз", - деді Олимпиада жүлдегері.

    Айта кетейік, Александра Ле мен Ислам Сәтбаев Париж Олимпиадасында 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді.

    Олимпиада жүлдегері Александра Ле Ақордада президентпен не жайлы сөйлескенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.