jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Паралимпиада-2024: Әмір Мұратбеков финалда дисквалификация алып қалды

    Әмір Мұратбеков
    Әмір Мұратбеков. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Қазақстандық пара жүзгіш Әмір Мұратбеков Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысының финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    SB11 санатында сынға түскен қазақстандық жүзгіш белгіленген қашықтықты 1:21:61 секундта жүзіп өтіп, мәреге жетінші болып келген еді. Бірақ ол дисквалификацияға ұшырап, нәтижесі есепке алынбады.

    Алтын медальді Нидерланд өкілі Дорсман Рогиер жеңіп алса, күмісті қытайлық Ян Бозун, қоланы украиналық Данило Чуфаров қанжығалады.

    Айта кетейік, Әмір Мұратбеков іріктеу сайысында 1:21:66 секунд нәтижесін тіркеп, финалға жолдама алған еді.

    Бүгін, 6 қыркүйекте тағы бір қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада финалында бақ сынайды.

    Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алғашқы алтынды қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов күміс, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алған болатын.

    Паралимпиада-2024: Әмір Мұратбеков финалда дисквалификация алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.