jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Көшпенділер ойындары: ел қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

    Аударыспақ
    Аударыспақ ойнап жатқан палуандар. Фото: nur.kz

    70 кг салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Алмат Ләтіпбек алтын медальға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшесі Алмат Ләтіпбек 70 кг дейінг салмақ дәрежесінде финалдық кезеңде сынға түсті. Ол ақтық кезеңде Қырғызстан спортшысы Бақтығұл Райханұлынан басым түсті.

    Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Ермек Құралбай 60 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді.

    Айта кетейік, "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді.

    10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

    Көшпенділер ойындары: ел қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.