jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ел қоржынында 25 алтын: Қазақстан құрамасы жеке дара көш бастап келеді

    Бес асықтан Қазақстан құрамасы
    Бес асықтан Қазақстан құрамасы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

    Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жиырма бесінші алтынына қол жеткіздіп, жеке дара көш бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 11 қыркүйекте бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанып, ел қоржынына жиырма бесінші алтынды салды.

    А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы финалда Ресей спортшыларымен бақ сынасты. "Алау" мұз айдыны кешенінде өткен финалдық финалдық бәсекеде қазақстандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді.

    Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медаль кестесінде қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 25 алтын, 12 күміс, 18 қола медаль еншілеп, жеке дара көш бастап келеді.

    Айта кетейік, Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр.

    Ел қоржынында 25 алтын: Қазақстан құрамасы жеке дара көш бастап келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.