Париж Олимпиадасында қола медаль еншілеген қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбеков шаңырақ көтеріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24KG телеарнасының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанның Талас қаласында орналасқан мейрамханалардың бірінде грек-рим күрес шебері Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының ұзату тойы өтті. Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, спортшы өзінің қалыңдығымен бір сыныпта оқыған. Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының есімі – Айхан.
Айта кетейік, биыл Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Шаршенбеков қола медаль еншіледі.
Сондай-ақ қырғызстандық балуан әлем чемпионатында екі мәрте күміс иеленсе (2018, 2021), екі мәрте топ жарған (2022, 2023). 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2164836-ataqty-qyrgyzstandyq-baluan-zholaman-sharshenbekov-shangyraq-koterdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.