Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спорттағы натурализацияға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов "Жібек жолы" арнасының журналисі Ерболат Мұхамеджанға берген сұқбатында шетелде туған спортшыларға Қазақстан төлқұжатын беру, яғни натурилизация мәселесіне қатысты пікір білдірді.
"Біз өзіміздің спортшыларға басымдық береміз. Сондықтан өзіміздің спортшыларымызды өсіріп, жетілдіруіміз керек. Кешегі Париж Олимпиадасы да көрсетіп отыр. Сондықтан біз сырт елден тек ғылыми бағыттарды, арнайы спорт түрлеріне кеңесші мамандарды әкелуіміз мүмкін. Бірақ арнайы барып, спортшыны әкелу болмайды.
Әрине, екінші мәселе бар. Кей спортшылар өз азаматтығын ауыстырып, Қазақстан төлқұжатын алуы мүмкін. Елге келуі мүмкін, ел ішіндегі жарыстарға қатысуы мүмкін. Бірақ біз оларға тосқауыл қоя алмаймыз. Бірақ нақты тапсырма бар – арнайы барып, спортшыны әкелуге болмайды. Біз жылдам жеңістермен өзімізді алдаудың қажеті жоқ", - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов футбол мен хоккейге бөлінетін бюджетке қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2167603-zhyldam-zhetistikpen-ozimizdi-aldamauymyz-kerek-ministr-sporttagy-naturalizatsiia-maselesin-koterdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.