Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына берген сұхбатында бюджет ашық болған жерде жемқорлық болмайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Спорт түрлеріне республикадан, жоғары дәрежелі спортты алсақ, Спортты дамыту дирекциясы бұл жерден жалпы бүкіл спорт түрлерінің оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарына бару қаражат көзделген. Жаттықтырушы да, спортшы да қанша қаражат бөлінетінін біледі. Әрине біз бюджеттен тыс Sporttyq Qor деген ұйымнан, ол жерде өзінің кеңесі бар, сол жерде спорт федерациялары ұсыныс жасап, смета жасап, сол жерге кіріп, ақша сол жерден бөлінеді. Мүмкін сол мәселені көтеріп жатқан шығар. Бүгінгі күні бізде ол тарапқа да критерий орнатып жатырмыз", - деді министр.
Ашықтық болады ма? Уәде бересіз бе? – деген журналистің сұрағына министр ашықтық болады деп жауап берді.
"Ашықтық болады. Уәде беремін. Цифрландыру болғаннан кейін ашықтық болады. Кеше ғана өзім спорттық жолдан өткеннен кейін, жаттықтырушы бағытын өткеннен кейін, ол әр спортшы, әр маманға ашық болу керек. Ең бірінші сол спорттың саласында жүрген азаматтарға ашық болу керек. Қанша қаражат бізде жылдың басында бар, және ол қаражатты біз қанша оқу-жаттығу жиындарына, қанша спортшыларға, кім қанша жалақы алатынына дейін бәрі ашық болуы керек. Ол ашық болған жерде жемқорлықтың ешқайсысы болмайды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Еске салайық, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов футбол мен хоккейге бөлінетін бюджетке қатысты пікір білдірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2168025-uade-beremin-ministr-sportshylardyng-zhalaqy-molsheri-ashyq-bolatynyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.