jitsu gif
Спорт

    Министрлік тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыру үшін 2,5 млн теңгеден аса ақша жұмсаған

    Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылды
    Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылды. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Дүниежүізілік көшпенділер ойыны қарсаңында туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасының ғарышқа ұшып барып келгенін хабарлаған болатын. Nege.kz порталы министрлікке ресми сауал жолдап, "ғарыш сапарының" құнын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ ұлттық ойынының тақтасы ғарышқа ұшырылған болатын.

    Дереккөздің мәліметінше, туризм және спорт министрлігі осы мәселе бойынша жолданған ресми сауалға тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшырудың құны қанша болғанын, "Роскосмоспен" қалай келіскенін, ақшаны қайдан алғанын, идея кімдікі екенін және Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жалпы бюджеті қанша болғанына жауап берді.

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Сіздің сұрауыңыз бойынша келесіні хабарлайды.Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа жіберу үшін "Тоғызқұмалақ федерациясы" ЗТБ Ресей ғарыш агенттігінің "Стратонавтика оператор стратосферных полетов" қосалқы мердігер компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүзеге асырды.

    Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа апарып келу үшін "Жаңа пост" компаниясының демеушілігімен 2 628 000 (екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге жұмсалды.Тақтаны ғарышқа жіберу идеясы тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен жүзеге асты. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгені құрады, мемлекет бюджетінен 5,7 млрд теңге және демеушілер тарапынан 2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді", - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

    Айта кетейік, Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтті.

    Министрлік тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыру үшін 2,5 млн теңгеден аса ақша жұмсаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.